333
Қ.Бозымбаев: Тапшылық болмасын десеңдер, қымбат бензинді қанағат тұтыңдар!
Қ.Бозымбаев: Тапшылық болмасын десеңдер, қымбат бензинді қанағат тұтыңдар!
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ел тұрғындарын қымбат бензинді қанағат тұтуға шақырды. Министрдің тосын мәлімдемесін КТК арнасы жариялады.
"Иә, бензиннің бағасы қымбат. Бірақ, жоқтан жақсы. Қымбат болса да жанармай бар. Тапшылық болса, сапа төмендейді, көліктің моторы бұзылады. Сондықтан отандық мұнай өңдеу зауыттары іске қосылғанша біз Ресейдің отынына тәуелдіміз", - дейді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Еліміздің жанар-жағармай бекеттерінде жұрт жиі тұтынатын АИ-92 маркалы бензин – 141-143, АИ-95 - 154, АИ-98 - 164 теңгеден сатылып жатыр. Егер үкімет жанармайдың бағасын қатаң бақылауға алса, кәсіпкерлердің шығыны артып кетеді де, сырттан бензин тасымалдау тоқтап қалатын көрінеді. Министрдің айтуынша, салдарынан ішкі нарықта тапшылық болады. Сондықтан қолда барды қанағат тұтуға шақырды. Десе де, келесі жылы Шымкент, Павлодар мен Атыраудағы мұнай өңдеу зауыттары іске қосылған да жанармай арзандамайтынын айтты.