Павлодарда кәмелет жасқа толмаған екі қызды зорлаған педагог сотталды

Сотталушы кінәcін мойындамаған, соттан өзін ақтауды сұрады

Павлодарда кәмелет жасқа толмаған екі қызды зорлаған педагог сотталды
pavlodarnews.kz
3814

Павлодар облысында кәмелет жасқа толмаған екі қызды зорлаған педагог сотталды, деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылғы 29 желтоқсанда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот талқылауында кәмелетке толмаған мен жәбірленуші жас баланы күш қолдану арқылы зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

"Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Іс бойынша жәбірленушілер жаза тағайындау бөлігінде мемлекеттік айыптаушыны толық қолдады", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сотталушы кінәcін мойындамаған, соттан өзін ақтауды сұрады.

Күдіктінің кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, іс бойынша жүргізілген сараптамалармен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Заңмен жасалған әрекет үшін 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза көзделген.

Соттылығының және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен 22 жылға бас бостандығынан айыру жасазын тағайындады.

Сондай-ақ сотталушы өмір бойы педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары