800
Астанада жүк көлігі әйел адамды қағып, мерт қылды
Тәртіп сақшылары қажетті сараптамаларды тағайындады
29 желтоқсанда «КАМАЗ» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Ақан сері көшесімен келе жатып, солға бұрылғанда жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлады turkystan.kz.
Тәртіп сақшылары қажетті сараптамаларды тағайындады.
«Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілерге жолда қырағы әрі барынша мұқият болуға, ал жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтуге кеңес береміз», - деп мәлім етті Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.