Қарағандыда боранда жолда қалған 55 жолаушысы бар автобус құтқарылды
Полиция қызметкерлері көліктерді жақын маңдағы елді мекендерге жеткізіп жатыр
Қарағанды облысында боран соғып тұрғанына екі тәулік болды. Полицейлер құтқарушылармен, еріктілермен және атқарушы органдармен бірге боранда жолда қалып қойған адамдарға көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Өкінішке қарай отандастарымыз ауа райына байланысты ескертулерге қарамастан көршілес өңірлерге қонаққа барған, кейбірі жұмыстан келе жатты. Абай ауданында «Қызылорда-Павлдар» автожолының 788-908 шақырымында, Топар ауылы маңынан 55 жолаушысы бар автобус жеткізілді. Жолаушылар жергілікті мешіттерге орналастырылып, жылы жерде отыр, азық-түлікпен қамтамасыз етілді, - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері мүмкіндігінше көліктерді жақын маңдағы елді мекендерге жеткізіп жатыр.
Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарына алыс сапарға шығудан бас тартып, елді мекендерден алыс кетпеуге шақырамыз. Сондай-ақ ауа райына және көліктердің қозғалысына байланысты ескертулерді назарда ұстаған абзал.
Көлік бұзылып, көмек қажет болған жағдайда 102 нөміріне қоңырау шалып, немесе ішкі істер органдарына жергілікті өкілдіктеріне хабарласу керек.