2016 жылы ақпараттық саясатқа 48 млрд теңге жұмсалған

2016 жылы ақпараттық саясатқа 48 млрд теңге жұмсалған

2016 жылы ақпараттық саясатқа 48 млрд теңге  жұмсалған
ашық дереккөзі
202
Елімізде өткен жылы ақпараттық саясатқа 48 миллиард теңге (қазіргі бағам бойынша 150 миллион доллардан астам) жұмсалған. Бұл туралы  Астанада өткен БАҚ-тың мемлекеттің қаржыландыруы туралы жиында "Құқықтық медиа-орталық" қоғамдық қорының директоры Диана Окремова мәлімдеді деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
Қоғамдық ұйым 2016 жылдың мәліметтері мен соңғы жеті жылға қатысты деректерін ұсынды. Окремованың сөзіне қарағанда, Қазақстанда БАҚ-қа қаржы екі бағыт бойынша - мемлекеттік тапсырма және мемлекеттік тапсырыс арқылы бөлінеді. - Мемлекеттік тапсырманы жыл сайын он БАҚ алады. Мұндай мәселе мынада - соманың қайдан алынатынын және оның қалай табылатынын біз бақылай алмаймыз. Яғни, бұл БАҚ-тар жыл сайын осы осы қаржыны ешқандай байқаусыз алады. 2010 жылы бұл сома 17 миллиард болса, ең көп бөлінген 2015 жылы ол 42 миллиард теңге, 2016 жылы 41 миллиард болды. Ал биылға 36 миллиард теңге есептелді, - деді Диана Окремова. Ол жұмсалған қаржының тиімділігін дәл бағалайтын критерийлер жоғын айтады. Астанадағы жиында өткен жылы республикалық бюджеттен бөлінген 48 миллиард теңгеге мемлекет жариялаған кейбір лоттарда көрсетілгендей "мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыруға арналған оң материалдар" жасалғаны айтылды. Министрлік өкілі Ләззат Сүйіндіктің айтуынша, шенеуніктер мемлекеттік ақпараттық саясатын қаржыландыру жағын жетілдіруді жоспарлап отыр. Бұл бойынша тоғыз адамнан құралатын, қоғам өкілдері тартылатын арнайы кеңес құрылады және ол кеңес қай БАҚ-қа қанша қаржы бөлу керегін шешеді.

Серіктес жаңалықтары