Бүгін ауа райы қандай болады?

2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін ауа райы қандай болады?
yandex.ru
1089

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан Республикасының барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталуда.

Жауын-шашын (көбінесе қар) түседі, батыста қар жауады деп күтілуде. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болады деп болжануда.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары қатты жел күтіледі.

Серіктес жаңалықтары