1671
Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градус аяз болады
Елдің солтүстігінде қатты аяз болады.
Қазгидромет синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады.
«Жауын-шашын, негізінен қар, боран, көктайғақ, екпінді жел болады. Тек елдің оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнде температураның 0-13-тен 5-25 градус аязға дейін өзгеруі күтіледі», - делінген хабарламада.