Астанада ер адам сүйіктісінің үйінен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен

Ер адам алтын бұйымдарды ломбардқа тапсырып жіберген.

Астанада ер адам сүйіктісінің үйінен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен
ашық дереккөз
1527

Елордада ер адам сүйіктісінің үйінен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Полицияға 45 жастағы Астана тұрғыны хабарласып, пәтерінен жалпы құны 230 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарының ұрланғанын хабарлаған. Әйел ұрлық жасаған қызының 33 жастағы досы болуы мүмкін екенін айтқан.

«Анықталғандай, күдікті қыздың сеніміне кіріп, ата-анасы жоқ кезде пәтерге келуді ұйғарған. Сөйтіп кездесулердің бірінде ер адам сүйіктісінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, қораптағы әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен», – делінген ІІМ-нің хабарламасында.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні анықтады.

Ер адам мойындағандай, ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып жіберген.

Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Серіктес жаңалықтары