Оралдағы дәмханада жарылыс болды: Зардап шеккендер бар (ВИДЕО)

Қазір өрт сөндіріліп, қираған үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Оралдағы дәмханада жарылыс болды: Зардап шеккендер бар (ВИДЕО)
видеодан скриншот
1062

Орал қаласында кафеде жарылыс болып, өрт шықты. Салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр бөлігі қирап, 25 шаршы метр аумақты өрт шарпыған.

БҚО ТЖ департаментінің мәліметінше, 4 қаңтар күні сағат 02:07-де Сырым Датұлы көшесі 52-мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына сағат 02:17-де жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты RIZYQ дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы болғанын хабарлады.

«Тілсіз жау» сағат 02:40-та ауыздықталды. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер мен жеке құрамнан 39 адам, 13 техника, жедел жәрдем бригадасы (18 адам, 6 техника) полиция департаменті (28 адам, 7 техника) қызметкерлері жұмыс жасады. Қазір БҚО ТЖД және облыс әкімдігінің күштерімен қираған үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды» деп хабарлады ведомстводан.

Оқиғаны БҚО әкімдігі де растап, оқиға орнына облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің арнайы барғанын, зардап шеккендер бар екендігін жеткізді.

Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары