Жетісу облысында көпбалалы ана өз-өзіне қол жұмсады

Марқұмның артында төрт баласы қалды.

Жетісу облысында көпбалалы ана өз-өзіне қол жұмсады
ашық дереккөз
1312

Аса көп мөлшерде дәрі қабылдаған Ақсу ауданының тұрғыны ауруханада қайтыс болды. Жергілікті полиция «өзін өлтіруге итермелеу» бабы бойынша іс қозғады, деп хабарлады turkystan.kz.

Қайғылы оқиға өткен жылдың 28 желтоқсанында Жансүгіров ауылында болған.

Куәгерлердің айтуынша, өзіне қол жұмсаған көпбалалы ана Б. Өзбекова — өңірдегі белсенді тұрғындардың бірі. Сол күні аудан әкімінің қабылдауында болған ол құрбысының үйіне келіп, өзіне қол жұмсайтынын, 10 қорап аспирин ішкенін айтады. Құрбысы дереу аудандық ауруханаға жеткізіп, дәрігерлерге болған жайды ескерткен.

Аудан дәрігерлері көпбалалы ананы жансақтау бөліміне жатқызып, қажетті ем-дом жасағанымен, келесі күні науқас қайтыс болған.

35 жастағы Балжан Өзбекованы 28 желтоқсанда кешке құрбысы ауруханаға жеткізген. Ақсу ауданы орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде әйел аспирин дәрісінің 10 қорабын ішкенін айтқан. Бір күннен кейін ол оңалмай, қайтыс болды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптамалар тағайындалған, — деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Марқұмның артында төрт баласы қалды. 

Серіктес жаңалықтары