Павлодар облысында балаларға мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратылған

Сыйлықтар жаңа жыл қарсаңында жеткізіліп, оның құнын өңірдегі кәсіпорындардың бірі төлеген.

Павлодар облысында балаларға мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратылған
ашық дереккөз
2107

Жаңа жыл қарсаңында ерекше балалардың құрметіне орай ұйымдастырылған ертеңгілікте мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратылған. Павлодар облысының білім басқармасы кінәлі адамды анықтаған, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Балалардың ата-анасы сыйлыққа берілген тәттілердің қатты екенін, тіпті одан күмәнді иіс шығатынын айтып шағымданған.

Сыйлықтар жаңа жыл қарсаңында жеткізіліп, оның құнын өңірдегі кәсіпорындардың бірі төлеген. Болған жағдайдан соң білім басқармасының бұйрығына сәйкес, Ақсу қалалық білім бөлімінің басшысы Қайрат Смағұловқа тәртіптік жаза ретінде ескерту берілді.

Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов пен білім бөлімінің басшысы ертеңгілікке келген ерекше балалар мен ата-аналардан кешірім сұрады.

Қайрат Смағұловтың айтуынша, зауыттардың Ақсулық ерекше балаларға тәттілер таратып жүргеніне сегіз жыл болған. Алайда мұндай жағдай жағдай бірінші рет болып тұрған көрінеді.

Серіктес жаңалықтары