Президенттің сұхбаты елдің дамуы мен болашағындағы бетбұрысын айқындап берді – депутат
Депутат алдымызда биік мақсаттар тұрғанын айтты
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұқбатында еліміздің дамуы мен болашағына бетбұрысын айқындап берді. Алдымызда биік мақсаттар тұр – бұл ел мүддесін қамтамасыз ету және қазақстандықтардың экономикалық әл-ауқатын арттыру. Қазіргі халықаралық аренада орын алған жағдай мен жаңа сын-қатерлер Қазақстанның сыртқы саясаты алдында өзекті міндеттерді талап етеді», – дейді Дәулет Тұрлыханов.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы өз сұхбатында барлық елдермен достық екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, халықаралық алаңдарда ұлттық бастамаларды ілгерілету және шетелдік инвестицияларды тарту қарқынын арттыруды атап өтті.
«Бұл ретте, елімізде халықаралық деңгейде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуы жоспарлануда. Атап айтсақ, жаһандық көшбасшылардың, сарапшылардың және бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өтетін Астана экономикалық форумы, әлемдік көшпенді мемлекеттерді біріктірген Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшыларын біріктіретін жоғары деңгейдегі консультациялық кездесулер мен іс-шаралардың рөлін атап өтті», – дейді ол.
Депутаттың айтуынша, Президент өз сөзінде еліміздегі экономикалық және саяси реформалардың барысына да назар аударды.
«Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарына денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру маңыздылығына тоқталды. Бұл бағытта белсенді жұмыс істеуді жалғастыруға депутат ретінде бар күшімізді салатын боламыз», – дейді Д. Тұрлыханов.