«Майқайыңалтын» шахтасындағы апат: көз жұмғандардың отбасына 4,5 млн теңгеден беріледі

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасын табуда.

«Майқайыңалтын» шахтасындағы апат: көз жұмғандардың отбасына 4,5 млн теңгеден беріледі
Видеодан кадр
1114

«Майқайыңалтын» АҚ кен орнында көз жұмған және із-түзсіз кеткендердің отбасына 4,5 млн теңгеден өтемақы төленеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қаза тапқан және жоғалған құтқарушылардың отбасыларына «Майқайыңалтын» АҚ және КӘАҚҚ РОШ-нан әрбір отбасына 4,5 млн теңгеден астам мөлшерде материалдық көмек көрсетілетін болады. Мемлекет тарапынан қаза тапқан жандардың отбасыларына асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Қаза болған екі құтқарушының отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат болсын. Біз іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырамыз», – деп хабарлады Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, оқиға орнында ТЖ вице-министрі және басқа да қызметтер бар.

«Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде, өйткені, құлау шекаралары тұрақсыз, әлі де пайда болған шұңқырда тастар мен топырақтың сырғуы жүруде. Барлығы 116 адам, 23 техника жұмылдырылды. Бүгін таңғы сағат 06:00-де Астана қаласы ТЖД кинологтар бригадасы келіп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті», – деп жазды ол.
 

Серіктес жаңалықтары