1037
Оралдағы дәмханада болған жарылыстың видеосы пайда болды
Жарылыс салдарынан 3 адам қаза тапқан болатын.
Әлеуметтік желіде Оралдағы дәмханада болған жарылыстың видеосы пайда болды. Жарылыс салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы бес адам зардап шеккен болатын.
«RIZYQ» дәмханасындағы жарылыс болған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеоны жергілікті "Орал апталығы" басылымы Telegram арнасында жария етті.
Еске салайық, 4 қаңтарға қараған түні Орал қаласындағы дәмханалардың бірінде алдын ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан ғимарат опырылған болатын. Оқиға орнында екі адам қаза тапты. Кейін үшінші адамның денесі үйінді астынан шығарылғаны хабарланды.