1030
Талдықорғанда жеке тұрғын үйден 2 адамның мәйіті табылды
Қайтыс болған марқұмдардың тамағы кесілгені мәлімделген.
Әлеуметтік желіде Талдықорғанда Ақбастау көшесіндегі жеке үйлердің бірінен екі адамның денесі табылғанын жазып жатыр.
Instagram-дағы Krisp.tdk парақшасында қайтыс болғандардың тамағы кесілгені мәлімделген.
Қалалық полиция бұл ақпаратты растады, бірақ толық ақпарат берілмеді.
«Жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті.