1430
Қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш беру уақыты ұзарды
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру 9 қаңтарға (қоса алғанда) дейін ұзартылады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Өңірлерде қосымша орындар ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ақпарат парақшада дүйсенбі күні жарияланады», - деді министрліктен.
Сондай-ақ бос орындар туралы жалған ақпарат таратушыларға сенбеуді және өзекті жаңалықтарды тек ресми ақпарат көздерінен оқуды сұрады.