Атырауда газ жарылған тұрғын үй: бір сәби ауруханада көз жұмды

Бұл туралы ақпаратты Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

Атырауда газ жарылған тұрғын үй: бір сәби ауруханада көз жұмды
Ашық дереккөз
918

Атырауда тұрғын үйдегі газ-ауа қоспасының жарылысынан бір отбасының 5 адамы ауруханаға түскен еді. Кеше облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан үш айлық балақай қайтыс болды.

Бүгін бұл деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Кеше, 5 қаңтарда кешкі мезгілде облыстық балалар ауруханасында 2023 жылғы сәби көз жұмды. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде күйік шалған тағы бала жатыр», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін 2 қаңтарда Атырау облысы Көкарна ауылындағы тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, соңы өртке ұласқанын хабарлаған болатынбыз.

 

Серіктес жаңалықтары