1729
Қарағанды облысында 27 бала қар құрсауынан құтқарылды
172 адам жылыту пункттерінде орналастырылды.
Өткен тәулікте Қарағанды облысының автожолдарында қар құрсауында қалған автомобильдерден 190 адам, оның ішінде 27 бала жақын елді мекендерге эвакуацияланды, деп хабарлады turkystan.kz.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 172 адам жылыту пункттерінде орналастырылды.
«8 қаңтарда Ақтоғай ауданының Жидебай ауылдық округінде құтқарушылар 1997 және 1973 жылы туған екі адамды іздестірді. Жетінші қаңтарда таңертең олар «Нива» көлігімен мал іздеуге шығып, қайтып оралмаған. Олармен байланыс болмады. Іздеу тобы 8 қаңтар күні таңертең жоғалған адамдарды Тінәлі қыстағының маңынан тапты. Белгілі болғандай, жоғалғандардың көлігі бұзылып, қыстаққа баратын жолды қар басып қалған. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады», – деп хабарлады ТЖД.