Ақтөбе облысында үш адам отырған көлік мұз астына түсіп кетті

Құтқарушылар батып кеткен адамның денесін мұз астынан алып шықты

Ақтөбе облысында үш адам отырған көлік мұз астына түсіп кетті
tengrinews.kz
2068

Ақтөбе облысында көлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға 8 қаңтарда Шалқар қаласы маңында болған.

«8 қаңтаркүні сағат 15:52-де Шалқар қаласындағы Шалқар көлінде «ВАЗ-2110» жеңіл автокөлігі мұз астына батып кетті. Көлік ішінде үш адам болған. 1980 және 1971 жылы туған екі адам өз күштерімен жағаға шықты. Құтқарушылар оларды жылжымалы уақытша жылыту пунктіне орналастырды, медициналық көмекті қажет етпеді», – делінген хабарламада.

1972 жылы туған үшінші адам суға батып кетті. Құтқарушылар сағат 17:45-те батып кеткен адамның денесін мұз астынан алып шықты.

 

Серіктес жаңалықтары