1307
Биыл әскерге 3 мың азамат шақырылады
Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылды.
Еліміздің Қорғаныс министрлігі «Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылға әскери дайындыққа шақыру туралы» бұйрық дайындады.
«2024 жылы әскери дайындықтан өтуге тиіс 3 000 адамды әскери дайындыққа шақыру», – делінген құжатта.
Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелген.
Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылды.
Еске салсақ, 2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1 500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақырды.