1113
Қазақстанда 15 қылмыстық топтың жолы кесілді
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.
2023 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлады turkystan.kz.
Тінту кезінде бұл топ мүшелерінен оқ ату қаруы, ақшалай заттар, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды.
«Жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.