5987
Алдағы күндері 32 градус аяз болады
Ауа температурасы 20-32 аязға дейін төмендейді.
«Қазгидромет» РМК 11-13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамынша, ел бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік аймақтарда қарлы, желді ауа райын аяз алмастырса, оңтүстік аймақтарда жауын-шашынның арты қарға ұласады.
Ауа температурасының қысқа мерзімді ауытқуына байланысты көктайғақ болады.
«Батыс аймақтарда 11 және 13 қаңтарда, солтүстік аймақтарда 11-12 қаңтарда аяз болады, термометр түнде 20-32 аязға дейін төмендейді», – делінген хабарламада.