Астанада ер адам жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап кеткен

Ер адам ұрлаған теледидарды ломбардқа өткізіп жіберген.

Астанада ер адам жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап кеткен
ашық дереккөз
831

Астаналық тұрғын жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Есіл аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, азаматша танымайтын біреуге өзінің пәтерін жалға берген. Белгісіз азамат жалдамалы пәтерде бір күн тұрған.

«Үй иесі тәулік өткен соң жалдап алушыны шығарып, пәтерінің кілтін алмақшы болғанда ол үйде болмаған. Сондай-ақ күдікті азамат үйден кетерінде жәбірленушінің үйінен Samsung Smart TV телевизорын алып кеткені белгілі болған. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құраған», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы азамат анықталып, ұсталған.

Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін берген. Алайда ұрлаған олжасын ломбардқа өткізіп жібергені белгілі болған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында айғақты зат тәркіленіп алынды.
 

Серіктес жаңалықтары