Атырауда жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қаза тапты

Оқиға Доссор-Бейнеу тас жолының 74 шақырымы тұсында болған,

Атырауда жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қаза тапты
ашық дереккөз
981

9 қаңтар күні сағат 18:30 шамасында Доссор-Бейнеу тас жолының 74 шақырымы тұсында төрт автокөлік соқтығысқан, деп хабарлады turkystan.kz.

AtyrauPress сайтының мәліметінше, оқиға салдарынан медицина қызметкері қаза тапты.

«Жолда Газель автокөлігі жедел-жәрдеммен, ал  IVECO автокөлігі Rolfo Sirio-мен соқтығысты. Жол апатынан жедел-жәрдем автокөлігінің 1964 жылы туған медицина қызметкері оқиға орнында қаза тапты», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тиісті құжаттар жинақталып жатыр.

«Газель автокөлігінің 1995 ж.т. жүргізушісі бұған дейін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2,3 бөлігі, 590-бабының 5-бөлігі бойынша, ал жедел-жәрдем көлігінің 1997 ж.т. жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі, 594-бабының 1-бөлігі және 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Серіктес жаңалықтары