Шымкентте екі танысын пышақтап өлтірген әйелге сот үкімі шықты

Сотталушы танысын қызғанып, қасындағыларға пышақ сілтеген.

Шымкентте екі танысын пышақтап өлтірген әйелге сот үкімі шықты
ашық дереккөз
883

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі танысын пышақтап өлтірген әйелге қатысты іс қаралды, деп хабарлады turkystan.kz.

Halyq-uni.kz сайтының мәліметінше, оқиға өткен жылдың 19 шілдесінде Көксай-2 шағын ауданында болған. Алкогольді ішімдік ішкен шағын топ өзара көңіл көтерген. Содан араларында түсініспеушілік туындаған. Сотталушы танысын қызғанып, қасындағыларға асханалық пышақты сілтеген. Бір адам сол жерде жан тапсырса, екінші адам ауруханада қайтыс болды.

Сот үкімімен кінәлі деп танылған сотталушы 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Сот сотталушыға жаза түрі мен мөлшерін белгілеген кезде оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындағанын, шын ниетпен өкінгенін ескерді. Ал қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар ретінде алкогольді масаң күйде болғанын таныды», – деп мәлімдеді Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары