Елімізде 38 көлік қызметкері қызылша жұқтырған

2023 жылы елде қызылшаның 29 648 жағдайы тіркелді. Оның 80%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың көпшілігі қажетті вакцинацияны алмаған.

Елімізде 38 көлік қызметкері қызылша жұқтырған
1047

2023 жылғы 15 ақпан мен 29 желтоқсан аралығында Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауындағы объектілерде қызметкерлер арасында қызылша ауруының расталған 38 жағдайы тіркелді.

«Оның ішінде әуе көлігі қызметкерлері арасында сырқаттанушылықтың үлес салмағы 13,1% (5 жағдай), теміржол 84,2% (32 жағдай), су 2,6% (1 жағдай) құрады», – делінген хабарламада.

Департамент пен бөлімше басқармаларының мамандары тиісті шаралар қолдана отырып, жедел әрекет ету нәтижесінде көлік қызметкерлері арасында қызылшамен ауырғандар туралы ақпарат түскеннен кейін барлығы 105 қаулы шығарылды.

«Көлік қызметкерлері мен жолаушылар арасында вирустың таралуын болдырмау үшін Департамент санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізеді. Бұған қатаң бақылау, медициналық тексерулерді ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету кіреді», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бақылауына еліміздегі барлық темір жол және әуе көліктерімен қатар маңызды шекаралық аймақтар да кіреді.

 

Серіктес жаңалықтары