Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

Еске салайық, өткен жылдың 9 қарашасында Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты.

Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды
vlast.kz
931

Астана қалалық соты бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевты 9 қаңтардан 9 наурызға дейін күзетпен ұстау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

«2024 жылғы 9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды», - деп жауап берді соттан.

Сондай-ақ елорда соты өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайтынын ескертті.

Еске салайық, өткен жылдың 9 қарашасында Астанадағы Бау мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары