Елордада техникалық ақауы бар автобустар жолаушы тасымалдаған

Автопарктердің 4 лауазымды тұлғасы кімшілік жауапкершілікке тартылды.

Елордада техникалық ақауы бар автобустар жолаушы тасымалдаған
tengrinews.kz
932

Астаналық полиция департаменті қала әкімдігі және басқа да құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп «Тасымалдаушы» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған іс-шараның бірінші күні Полиция департаменті қоғамдық көліктерді күнделікті автопарктардан шығару тәртібін, олардың техникалық жай-күйінің қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден өту рәсімін тексерді.

«Тексеріс нәтижесінде техникалық ақауы бар автобустарды желіге шығарудың 10 фактісі анықталды. Олар бойынша автопарктердің 4 лауазымды тұлғасы ҚР ӘҚБтК 617-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар қалта ұрлығымен байланысты қылмыстардың алдын алу үшін автобус салондарында бейнекамералардың болуы және жұмыс істеуі тексеріледі. 

Серіктес жаңалықтары