210
3 жыл бұрын жоғалған «Боинг 777» ұшағы қайта іздестірілмек
3 жыл бұрын жоғалған «Боинг 777» ұшағы қайта іздестірілмек
3 жыл бұрын Малайзияда ұшты-күйлі жоғалып кеткен «MH 370» рейсі құрбандарының туған-туыстары ұшақты өздері іздемек деп хабарлайды 24.kz.
Апаттан опат болған жолаушылардың жақындары осы мақсатта 15 миллион доллар жинауға кірісті. Алайда алдымен ел билігінің қандай қам-қарекет жасайтынына көзін жеткізіп алмақ.
Жұмбақ апат 2014 жылы 8-ші наурызда болған еді. Куала-Лумпурдан Пекинге бағыт алған «Боинг 777» ұшағы радардан жоғалып кетіп, содан бері Малайзия, Қытай мен Австралия елдері індетіп іздеуден түк шықпаған соң, қаңтар айында шараны доғаратынын мәлімдеді. Ұшақ бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған еді.
Грейс Натан, құрбан болған жолаушының туысы:
-Іздестіру шарасын қайта жалғастыруға бекініп отырмыз. Егер Үкімет үмітін үзіп, іс-шараны доғарса, біз өз қаржымызға мамандар жалдап, іздеуді бастамақпыз. Қазірдің өзінде бұдан бұрын іздеу-құтқару жұмыстарына қатысқан компания өкілдерімен хабарласып едік, олар бізге қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.