Жетісу облысында 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Қирау мен құрбандар туралы ақпарат түскен жоқ

Жетісу облысында 3 балдық жер сілкінісі тіркелді
Ашық дереккөз
1572

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі сағат 22:08-де жер сілкінісін тіркеген, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде Жетісу өңірінде Текелі қаласынан 20 шақырым жердегі таулы аймақта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы – MPV 4.6. Тереңдігі – 15 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Текелі қаласында 3 балл», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарды, Полиция департаментін, прокуратураны және басқа да ұйымдарды хабардар етті. Аймақтардағы жағдай нақтыланып жатыр. Қирау мен құрбандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Серіктес жаңалықтары