Атырауда ер адам өзін өртеп жіберген

Ол Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді

Атырауда ер адам өзін өртеп жіберген
Видеодан алынған кадр
1329

Атырауда ер адам 13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында өзін өртеп жіберген, деп хабарлады turkystan.kz.

Атырау облыстық полиция департаменті Мақат аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына Доссор ауылындағы тұрғын үйлердің бірінің жанында 1961 жылы туған аудан тұрғынының өзін-өзі өртеп жібергені туралы хабарлама түскенін хабарлады.

Осы хабарлама бойынша бұл азаматтың денесінің 70 пайызын күйік шалып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілгені анықталды, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары