Атырауда өзін өртеген ер адамға қатысты дерек шықты

Суицидтің себебі – отбасылық-тұрмыстық жанжал

Атырауда өзін өртеген ер адамға қатысты дерек шықты
Видеодан алынған кадр
1534

Атырауда өзін өзі өртеген ер адамға қатысты тың ақпарат шықты, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Кеше, 13 қаңтар күні жедел қызмет байланыс орталығына Мақат ауданы Доссор кентінде 1961 жылы туған Б. есімді азаматтың өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасағаны туралы хабарлама келіп түскен болатын.

Оқиға орнына шұғыл түрде "жедел жәрдем" бригадасы жетіп, жәбірленушіні ауруханаға жеткізді. Оған денесінің 60-70 пайыз күйік шалған деген диагноз қойылды, жағдайы ауыр. Барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

"Суицидтің себебі – отбасылық-тұрмыстық жанжал. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды ("Суицидке дейін жеткізу")", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары