945
7 облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Қазірге дейін республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 522 техника және 823 жолшы жұмылдырылды
7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 25 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында – 14 учаске,
Жетісу облысында – 1 учаске,
Қарағанды облысында – 3 учаске,
Қостанай облысында – 3 учаске
Павлодар облысында – 2 учаске,
Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске
Ұлытау облысында – 1 учаске.
Қазірге дейін республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 522 техника және 823 жолшы жұмылдырылды.