Алматыда 17 жастағы қыз төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

10 қаңтар күні сағат 14:30 шамасында Талдықорғаннан шығып кеткен.

Алматыда 17 жастағы қыз төрт күннен бері іздестіріліп жатыр
Pixabay
2488

Алматыда еріктілер 17 жастағы қызды іздеуді жалғастыруда, деп хабарлады turkystan.kz inAlmaty.kz-ке сілтеме жасап.

17 жастағы Айша Құрманбек 10 қаңтар күні сағат 14:30 шамасында Талдықорғаннан шығып кеткен. Еріктілердің айтуынша, қыз оңтүстік астанада.

  • Белгілері: бойы 176-178 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара қысқа, көзі қоңыр.
  • Үстінде қоңыр пальто, ақ шарф, қызыл күртеде болған. Өзінде ұялы телефон болған.

Қыздың шамамен орналасқан жері белгілі - Райымбек көшесіндегі бизнес-парктің ауданы, 212.

Серіктес жаңалықтары