Павлодар, Теміртау мен Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланады

"Ашық НҚА" порталында аудан, қала әкімдері шешімдерінің жобалары жарияланды.

Павлодар, Теміртау мен Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланады
astanatv.kz
2788

Павлодар, Теміртау және Қарағанды ​​облысының үш ауылдық округінде төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. "Ашық НҚА" порталында аудан, қала әкімдері шешімдерінің жобалары жарияланды.

ҚР "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 33-бабының 1-тармағы 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес өңірлердің басшылары шешім қабылдады.

Төтенше жағдай қай жерлерде жарияланады

Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай:

  • Теміртау қаласында;
  • Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылдық округі мен Ақшатау кентінде аумағында;
  • Қарағанды облысы Абай ауданы Құрма ауылдық округінің Құрма ауылында және Мичурин ауылдық округі Агроқалашық ауылында;
  • Павлодар қаласы, Ленин кенті, Жетекші, Мойылды, Павлодарское ауылдары, және Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі аумағында жарияланды.

Құжаттар келесі аптаға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Серіктес жаңалықтары