«Шұбаркөл Көмір» кәсіпорнында жұмысшы пойыз астында қалып мерт болды

Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

«Шұбаркөл Көмір» кәсіпорнында жұмысшы пойыз астында қалып мерт болды
Ашық дереккөз
1128

"Шұбаркөл Көмір" АҚ ішкі теміржол желісінің бағыттау бекетінің кезекшісі беймәлім жағдайда пойыз астына түсіп қалды. 

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, кәсіпорынның ішкі теміржол желісінде қызметкердің өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиға болған. Жұмыс кезінде бағыттау бекетінің кезекшісі бос вагондардың астына түсіп кеткен. Компанияның баспасөз қызметі :

"Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды. „Шұбаркөл Көмір“ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтады және қажетті көмек көрсетеді", - деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары