1589
Қазақстанда блогерлер бір жылда қанша салық төледі – Министр жуабы
Министрдің сөзінше, Қазақстанда 400-ден астам блогер бар.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда қанша блогер бар екенін және олар қанша салық төлеп жүргенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-кесілтеме жасап
Министрдің сөзінше, Қазақстанда 400-ден астам блогер бар.
"Елде 400-ден астам блогер тіркелген. Блогерлер 2023 жылы 200 миллион теңгеден астам салық төлеген. Олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине, салық төлейді, төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1%-дан 4 пайызға дейін", – деді Ерұлан Жамаубаев.
Министр сонымен қатар блогерлердің жұмысы монетизацияланбаса және кәсіпкерлікпен ешқандай байланысы болмаса, салық төлемейтінін айтты.