Дина Төлепберген «Астарлы ақиқатты» енді жүргізбейтінін мәлімдеді

Ол эфирмен қоштасуын қарыштауға қадам деп санайтынын жеткізді.

Дина Төлепберген «Астарлы ақиқатты» енді жүргізбейтінін мәлімдеді
turkystan.kz
2043

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген «Астарлы ақиқат» бағдарламасын жүргізуді тоқтатып жатқанын мәлімдеді. Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Студияда 1500 сағат, 600 бағдарлама, 13 жыл өмір. Осымен «Астарлы ақиқатты» жүргізуді тоқтатып жатқанымды жеткіземін. Иә, мен сеперация туралы жиі айтамын, бұл балаларға ғана емес, туындыларымызға да қатысты. Тұла бойы тұңғышыма айналған «Астарлы ақиқат» өз анасын күлімсіретті, көкке көтерді, кейде күрсіндірді де. Бастысы – біз екеуіміз жылағанның жасын сүрттік, құлағанды қолтығанан демедік, тарпаң тағдырдан тарыққанға жол ашуға тырыстық. Әр нәрсенің өз орны, өз уақыты болады. Осыдан тура 13 жыл бұрын, 2011 жылдың 18 қыркүйегінде 27 жастағы Динаға эфир тізгіні бұйырғанда, мен бағдарламаға жан бітіріп, оны жалпыұлттық деңгейге жеткіземін» деп ойламаған едім. Бірақ сіздер мені өз отбасыңыздың мүшесі ретінде қабылдап, күнде кешкісін менімен бірге болдыңыздар. Рақмет сіздерге! Эфирмен қоштасуымды қарыштауға қадам деп, тілекші болыңыз!», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары