Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері температуралық фонның біртіндеп көтерілуі және аздаған қар күтіледі.

Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
ашық дереккөз
1338

Қазгидромет еліміз бойынша 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, ауқымды антициклон бәсеңдей бастайды. Осыған байланысты температуралық фонның біртіндеп көтерілуі және аздаған қар күтіледі. 

«Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашынның арты қарға ұласады.  Көктайғақ болып, жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда ел аумағында тұман күтілуде», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары