1,4 миллион теңге тұратын «сэндвич пакет» сатылымға шықты
Аталған сөмке 4 қаңтар күні сатылымға шықты.
«Түскі асты үйден кеңсеге жеткізу ақшаны үнемдеудің бірден-бір жолы болуы мүмкін». Танымал рэпер әрі музыкалық продюсер Фаррелл Уильямс көпшілікке таныстырған, 3000 (1,4 миллион теңге) доллар тұратын Louis Vuitton сэндвич пакеті көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Шығармашылығынан бөлек, әйгілі Louis Vuitton сән үйінде ерлер коллекциясының креативті директоры қызметін атқаратын Фаррелл Уильямс өзінің соңғы дизайнерлік коллекциясында сэндвич салынатын пакетттен шабыт алып, оны сән аксессуары ретінде жасап шыққан. Аталған сөмке 4 қаңтар күні сатылымға шықты.
Сэнвич пакет сиыр терісінен жасалған, Louis Vuitton және Maison Fondee En 1854 жазулары бар. Ішінде заттарды реттеп салуға арналған қос жалпақ қалтамен жабдықталған. Сөмкенің ұзындығы – 30 см, ені 17– см.
Дариға Нысанқұл