986
Арыста газ жарылып, екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді
Төтенше оқиға наубайханада болған.
Арыста газ баллоны жарылып, 2 адам ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлады turkystan.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Төтенше оқиға наубайханада болған.
Құтарушылардың ақпаратына сүйенсек, термиялық күйік шалған екі қызметкер ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
«Анықталғандай, наубайхана мен жақын орналасқан дүкеннің 200 шаршы метрге жуық аумағы өртке оранған. Құтқарушылардың айтуынша, газ баллондарының бірі өрт орнына жақын тұрғандықтан газ тез қызып, жарылыс болған. Екі адамның денесінің 30 және 70 пайызын күйік шалған», - делінген хабарламада.
Оқиға орнынан 50 литрлік екі газ баллоны және 25 литрлік екі баллон шығарылды.