Конькиші қазақ қызы Қытай чемпионына тұрмысқа шықпақ
Ақнәр Ардақ — қазақ қызы. 1999 жылы 1 маусымда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі Құтыби ауданында дүниеге келген.
Қытайда тұратын қандасымыз Ақнәр Ардақ Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай елінің атынан сынға түскен болатын. Конькиші қазақ қызы сол Ақ Олимпиадада ерекше сұлулығымен көзге түскен болатын
Бүгін Қытайдың ақпарат құралдары қазақ қызының Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Гао Тингюға тұрмысқа шыққалы жатқанын жарыса жазып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Ақнәрдің таңдауы қытай азаматына түскені әлеуметтік желілерге жүктеген суреттерінен де көрініп тұр.
Гао Тингю 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында коньки спортынан 500 метрге жүгіруден чемпион атанып қана қоймай, әлемдік рекорд орнатқан болатын.
Сондай-ақ, Қытай тарихында конькиден тұңғыш Олимпиада чемпионы деген атаққа қол жеткізген.
Ақнәр Ардақ — қазақ қызы. 1999 жылы 1 маусымда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі Құтыби ауданында дүниеге келген.
Конькимен жүгіру спортына шорт-тректен келген.
Қазірдің өзінде көптеген ұлттық және халықаралық жарыстардың жүлдегері.
Естеріңізге сала кетейік, Бейжің Олимпиадасында Ақнардан бөлек тағы екі қандасымыз Қытай туы астында сынға түскен болатын.