1080
19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
19 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, мұндай ауа райына кең ауқымды антициклон әсер етеді.
Елдің тек батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аудандарында атмосфералық фронттардың өтуімен құбылмалы ауа райы болжанады – қар жауып, жаяу бұрқасын болады.
Қазақстанның барлық аумағында – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.