Қызылордадағы балабақшада бүлдіршінді қатарластары жабылып ұрған тастаған

Оқиға жөнінде Қызылорда қалалық білім бөлімі төмендегіше түсініктеме берді.

Қызылордадағы балабақшада бүлдіршінді қатарластары жабылып ұрған тастаған
ашық дереккөз
1395

Қызылордадағы балабақшада ұл баланы өзімен жасты сәбилердің ұрғаны анықталды. Баланың жамбасынан теуіп, басы мен бетінен ұрған.

Бұл жайлы әлеуметтік желіде анасының шағымы жарияланды. Онда облыс орталығындағы «Аяла-Жан» балабақшасында тәрбиеленіп жатқан баласының ерні жырылып, жарақат алғаны айтылған. Мекеме камерасынан қараған сәтте ұл балаға бір топ бала жабылғаны көрінген. Жамбасынан теуіп, басы мен бетінен ұрған.

Аталмыш оқиға жөнінде Қызылорда қалалық білім бөлімі төмендегіше түсініктеме берді.

«Қалалық білім бөлімі аталған балабақшаға зерделеу жұмыстарын жүргізетін болады. Мәлімет қосымша хабарланады», - деп жазылған хабарламада.

Ал Қызылорда қалалық полиция басқармасы бұл мәселеге байланысты тиісті жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті.

«18 қаңтарда әлеуметтік желіде жарияланған «Аяла Жан» балабақшасында болған оқиға жөніндегі жарияланым басқарманың ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Ол бойынша құжаттар жинақталып, Қызылорда облысы білім басқармасына тиісті шешім қабылдау үшін жолданады», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасы.

Серіктес жаңалықтары