Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Ұлттық банк инфляцияны 15,25% дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
ашық дереккөз
925

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендету жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 б.т. дәлізімен жылдық 15,25% дейін төмендету туралы шешім қабылдады», - делінген банктің хабарламасында.

Ұлттық банк ақпаратына сәйкес, былтыр жылдық инфляция бір таңбалы мәнге жетті. Айлық инфляция өткен жылы желтоқсанда орташа жылдық мөлшерден біршама жоғары болды.
Сыртқы инфляциялық процестер азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі мен орталық банктердің тежеу саясатына байланысты қолайлы қалыптасуда.

Фискалдық ынталандырумен қамтамасыз етілген орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан ішкі экономикада инфляциялық қысым сақталып отыр.

Серіктес жаңалықтары