Петропавлда бес жігіт 17 жастағы қызды зорлаған

Сот сараптамасы тағайындалды

Петропавлда бес жігіт 17 жастағы қызды зорлаған
Sputnik / Ксения Воронина
4509

Петропавлда бес жігіт 17 жастағы қызды жабылып зорлаған, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Қаскөйлер кәмелетке толмаған жасөспірімді әбден қорлаған. Петропавл тұрғыны қызының зәбір көргені туралы полицейлерге арыз түсірген.

Бірден іске кіріскен тәртіп сақшылары көп ұзамай осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бес адамды ұстаған. Олар - 17 мен 20 жас аралығындағы жігіттер. Қазір үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал екеуіне қатысты қолданылатын шара тергеу барысында анықталады. Сот сараптамасы тағайындалды.

Зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет үшін 15-17 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған. 

Серіктес жаңалықтары