1052
Талдықорғанда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр
Талдықорғанда мешіттердің бірінен намаз кезінде аяқкиім ұрлаған азаматтың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.
"Күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтауға мүмкіндік туды. Ұсталған адам ұрлыққа қатысын жоққа шығармайды, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр", – деді Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы Ернар Ширбаев.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.