Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел қайтыс болған

Бұл туралы Сенат депутаты Жанна Асанова мәлімдеді

Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел қайтыс болған
Ашық дереккөз
907

Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған. Бұл туралы Сенат депутаты Жанна Асанова мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.

"2023 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған. Тұрмыстық зорлық дерегі бойынша 99 мыңнан аса хабар түскен. Балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалған. Бірнеше резонанс тудырған жағдай болды", - дейді депутат.

Оның сөзінше, Сенат депутаттары Үкіметке осы проблемаға қатысты сауал жолдаған. Бүгінде құжат дайын, енді ол Мәжіліс талқылауына жіберіледі.

Заң жобасы мыналарды қамтиды:

- зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік (қазір олар ҚР ӘҚБтК-де);

- оларды жария айыптаудың қылмыстық құқықбұзушылық санатына жатқызу;

- балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандары үшін жазаны қатаңдату және тараптардың татуласуын болдырмау.

Серіктес жаңалықтары