Самар ауданы әкімдігінің 3 бөлім басшысы жауапкершілікке тартылды

Белгілі болғандай олар «Прокуратура туралы Конституциялық Заңды» бұзған.

Самар ауданы әкімдігінің 3 бөлім басшысы жауапкершілікке тартылды
ашық дереккөз
854

Шығыс Қазақстан облысы Самар аудандық әкімдігінде үш бірдей бөлімнің басшысы жауапкершілікке тартылды.

Олар «Прокуратура туралы Конституциялық Заңды» бұзған.

Самар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерді уақтылы әзірлеуіне талдау жүргізу нәтижелері бойынша, азаматтардың заңды құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін жүзеге асыру үшін қажетті бірқатар НҚА жоқ екенін анықтады.

«Осы факті бойынша прокуратура қадағалау актісін енгізді. Алайда, 3 салалық бөлімнің жауапты басшылары ұсынымда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдамаған, бұл үшін олар ҚР ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша әрқайсысы 8 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп жазылған ШҚО Прокуратурасының ресми сайтында.

Әкімшілік ықпал ету шараларын жедел қабылдағаннан кейін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілді, тағы 7 НҚА дәйектеліп, келісімдеу үшін жіберілді.

Серіктес жаңалықтары