922
1 млрд теңге жымқырған қаржы пирамидасының басшысы ұсталды
Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
«Капитал Мечты» қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-шаралары аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.
«ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10% төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару шарттары мен қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды», – делінген Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қаржы пирамидасының басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
«Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілгені анықталды, жалпы соммасы 1 млрд теңгеден асады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді», – делінген хабарламада.